Құтқарушылардан көмек құтқарушылардан көмек

Донорлық қанның жетіспеуі бүкіл еліміз үшін қазіргі көкейтесті мәселенің бірі. Түрлі бастамалар арқылы оған қоғам назары үнемі аударылып келеді. Сауапты іске бұл жолы облыстық ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің қызметкерлері мұрындық болды.
Бұл құтқарушылар үшін дәстүрлі шара. Олар жылына бір мәрте облыстық қан орталығына келуді дағдыға айналдырған. Қатарында ең бірінші рет тапсырғандар да, донор болуды әдетке айналдырғандар да бар. Сауапты іс жасау арқылы қанға зәру науқастарға көмек беруді ұйғарды.
Әуелі қан таптырмас бұрын олар алдымен медициналық сауалнама толтырды. Қан қысымы өлшеніп, түрлі ауру белгілерінің бар-жоғы зертханалық жолмен анықталды. Тек соның қорытындысы бойынша ғана қан тапсыруға рұқсат алды. Жиылған қан қорының құрамында сирек кездесетін теріс резусті қан тобына ие төтеншеліктер де болды. Сондықтан ол қызметкерлерді орталық айрықша назарына алды. Ақ халаттылар тапсырылған қан көлемі мен оның мінсіз сапасына баса назар аударады.
ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің қызметкері Айдар Құмбасов өз еркімен ауыр халде жатқан қызға өзінің қан компоненттерін тапсырып, көмектесті.
– Біздің жұмыс адамдарды құтқарумен байланысты. Ант қабылдағаннан кейін біз жұмыстан тыс кезінде де оны орындауымыз қажет, сондықтан да біздің ұжым мұндай іс-шараларды қолдап отырады. Біздің біреуіміз сирек қан тобына ие болуымыз мүмкін, оттан болмаса да, осылайша біз бір өмірді құтқара аламыз», – дейді ол.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓