Премьера: «Кішкентай адамның үлкен трагедиясы»

– Оны біз түсінеміз… Өйткені, бәрін бірдей суырмаймыз ғой… қалдырамыз… Ақылға салмай істемейміз… түсінеміз…»,
немесе

Сол екен, жiңiшке кiсiнiң бетiнен қаны қашып, сiрестi де қалды, сәлден соң оның бетi қисайып, жайыла күлдi; сол сәтте оның бетi мен көзiнен әлдеқандай бiр ұшқын шашылып жатқандай боп көрiнiп кеттi. Сосын өзi басын iшiне тартып, еңкейе, иiле түстi…».

Драматургтың «Қорғансыз жан», «Қаскүнем», «Жуан мен жіңішке», «Хористка», «Хамелеон» әңгімелері адамның надандығын, билік пен қарапайым шаруа санасының түйіспеуін, жағымпаздықтың жиіркенішті көрінісін, ақшаның алдында адамгершіліктің құнсыздануын, ащы шындықтан қарағанда, тәтті өтірікке құмарлығын, құлдық сананың адам бойына сіңіп кеткенін тап көрсетеді.
Міне, осы оқиғаларды І.Омаров атындағы облыстық қазақ драма театры бір қойылымда тоғыстыруы туындының көтерген тақырыбының өте ауқымды әрі өзекті екенін айғақтап тұр. «Кішкентай адамның үлкен трагедиясы» спектаклінің премьерасы қалжыңсыз комедия жанрында сахналанған.


Ал туындының ұтқан жері – бір актердің бірнеше рөлді сомдап шығуы. Мұндай дүние бір жағынан сахна адамының кәсібилігін шыңдаса, екінші жағынан кез келген гастрольге ықшамды құраммен шығуына мүмкіндік.
Оқиғалардың қалай өрбитінін көргіңіз келсе, Ілекең атындағы қарашаңыраққа келіңіз. Премьера 14 наурыз күні сағат 17.00-де қайтара қойылады.















