Арықтар мен арналарды тексерді
Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов Қостанай қаласын аралап, еріген қар суын тысқа ағызатын нысандардың қалпымен таныстып шықты. Аймақ басшысы бұл туралы "Инстаграм" желісіндегі парақшасында жазды.Облыс әкімі ұзындығы 3,5 шақырымдық қырат арығының гидротехникалық құрылысының жай-күйімен танысты. Сонымен қатар, қашықтығы 3,7 км болатын оңтүстік-батыс айналма арнасын және Дружба шағын ауданындағы су бұру арнасын тексере барды."Бүгінгі күні каналды қардан тазалау жұмыстары толық көлемде орындалды. Тұрғын үй – коммуналдық шаруашылығы және төтенше жағдайлар қызметтері су деңгейін бақылайды,- деп жазды аймақ басшысы. – Қостанай қаласының аумағында жалпы саны 133 су өткізгіш құбыр және ұзындығы 19,4 км болатын бес айналма арна бар".Облыс әкімі жұмыс соңында қала әкімі Қ.Ахметовке қаланың су тасқынына қарсы атқарылып жатқан жұмыстарына тұрақты мониторинг жүргізуді тапсырды.