«Мектепке жол» мәреге жетті

Рудный қаласында «Мектепке жол» жалпыреспубликалық акциясының қорытындысы шығарылды. Ол бойынша 2807 балаға 21 миллион 408 мың теңгенің көмегі жасалған.
1413342623_img_5646Биыл балаларға қамқорлық жасап, мектепке баруларына керек-жарақты алып беруге 100-ден аса кәсіпорын атсалысқанын айта кеткен жөн. Қалалық білім бөлімі мамандарының мәлімдеуінше, акцияға перзентхана үйі, қалалық аурухана, «Рудныйсоколовқұрылыс» АҚ, «Рахат» МҚК, «Авангард Бизнес» ЖШС, «Казогнеупор» зауыты, «Рудный су арнасы», Рудныйлық темір жол шаруашылығы, политехникалық колледж бен Рудный индустриялық институтының ұжымы, сондай-ақ қалалық «Нұр» мешіті мен Православ шіркеуі белсене қатысқан. «ССКӨБ» АҚ да бұл жолы шет қалмай, көп балалы қызметкерлеріне қолдау ретінде 14 миллион теңге бөлді. Маусымды қайырымдылық шарасы өз мәресіне жеткенімен, қажет жағдайда білім бөлімі аз қамтылған отбасыларға көмекті жаппай оқу қоры есебінен жүргізе бермек.
 
Қуаныш Есқабыл

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓