«1000 және 1 түп ағаш»
Кеше осындай атпен Рудный қалалық «Достық» саябағында экологиялық акция өтті.


«Жастар» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Максим Фроловтың айтуынша, әлеуметтік маңызы зор акцияның басты мақсаты – тұрғындардың экологиялық мәдениетін қалыптастыру және дамыту, олардың қоршаған ортаға деген көзқарасын кеңейту.
–
Биыл ғана есігін айқара ашқан «Достық» саябағы бүгінде рудныйлықтардың
сүйікті демалыс орнына айналып үлгерді. Сондықтан оны мұнтаздай таза ұстап, жасыл желегін арттыру – баршамыздың ортақ міндетіміз, – дейді қалалық еріктілер лигасының көшбасшысы Римма Меңдібаева. «Мусора. Больше. Нет» экологиялық жобасы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті қорының қаржылай қолдауымен жүзеге асырылып жатқанын айта кеткен жөн.


Қуаныш Есқабыл