Baіlanys жобасы – бас жүлдегер

Аймақтық Start-up және бизнес-жобалар байқауында Жітіқара политехника колледжінің студенті Иван Базаркин Baіlanys аталатын жобасын таныстырды. Бұл – бейнеконференциялар ұйымдастыруға әдеттегіден әлдеқайда кең мүмкіндік ұсынатын жаңалық.
Иванның айтуынша, Baіlanys уақыт жағынан да, қатысушылар саны жағынан да шектеусіз бейнеқоңырау жасауға жол ашады. Қолданушылар өз жұмыс үстелдерімен бөлісе алады немесе презентациялар жүргізуге мүмкіндік бар. Егер қоғамдық дәрістер оқуды қаласаңыз, бейнеконференцияны YouTube арқылы тікелей шығаруға болады. Сондай-ақ, керісінше, бейнені YouTube желісінен бәрімен бірге көре аласыз. 
Қазылар алқасы Иванның жобасын жоғары бағаға лайық деп тауып, оған байқаудың Гран-приін берді.
Айта кетерлігі, Baіlanys басқа сервистерге тәуелсіз жұмыс істейді. Қазіргі уақытта клиенттік қосымшалардың жабық бета-тесті жүргізіліп жатыр.
 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓