COVID-19: +75

7 желтоқсанда Қостанай облысында 75 адамнан коронавирус табылды. ковидИнфекцияны Қостанай қ. – 39 адам, Рудный қ. –14, Қостанай ауданында – 8, Лисаков қ. – 7, Ұзынкөл ауданында – 3, Жітіқара қ. – 2, Қамысты мен Алтынсарин аудандарында 1 адамнан жұқтырған. 
49 адамға ауруханаға өздігінен жүгінген кезде, 22 адамға коронавирус инфекциясы расталған адамдармен байланыста болған күдіктілер ретінде, 4 адамға эпидемиологиялық мақсатта тексерілген кезде КВИ диагнозы қойлды. 
Індет жұқтырғандардың ішінде 50 адамда ауру белгілері болды, 25 адам симптомсыз түріне шалдыққан.
Жалпы, Қостанай облысында 2020 жылғы 3 сәуір мен 7 желтоқсан аралығында COVID-19-ды  5956 адам жұқтырып, 4612 науқас емделіп шықты.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓