Диспансерлер мен ауруханаларды біріктірмек
Қостанай облысында диспансерлер мен ауруханаларды біріктіру жоспарланып отыр. Қандай медициналық мекемелер біріктірілетіні туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Екатерина Слободенюк айтып берді.«Ауруханалар мен диспансерлерді қосуды, Денсаулық сақтау министрлігімен, жергілікті атқарушы органдармен ұзақ уақыт кеңесіп, жоспарладық. Ол науқасты барлық бағыттар бойынша білікті көмекпен қамтамасыз етуге жағдай жасайды», – дейді Е. Слободенюк. Оның айтуынша, мекемелерді біріктіру кадрларды қысқартуға алып келеді.
«Медициналық мекемелердегі жұмыс орындарының барлығы сақталады, тек кейбір өзгерістер болуы мүмкін», – деді ол.
Қазірдің өзінде психиатрия және наркология қызметтерін біріктіру бойынша жұмыстар басталып кеткен.
«Қазір құжаттар реттеліп жатыр. Мекемелер қосылып, Қостанай облыстық психикалық денсаулық орталығына айналдырылады. Кейін оған психиатриялық аурухана қосылады, яғни ол стационар болады. Ал амбулаторлық қызмет емханаларға көшіріледі», – дейді Е. Слободенюк. Сондай-ақ, жоспарға сәйкес облыстық аурухана перинаталдық орталықпен бірігеді, оларға кейіннен облыстық тері-венерологиялық диспансері, онкологиялық диспансер және облыстық офтольмологиялық аурухана қосылады.
Осының бәрі, Е. Слободенюктің сөзіне қарағанда, науқастарға көрсетілетін медициналық қызметтердің сапасын жақсартады.