Әуреге салған әлеуметтік карта

Ал жергілікті билік өкілдері қарбаластың уақытша құбылыс екеніне сенімді. Қостанай қалалық ТКШ, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Наурызбай Мусин мен «Қазпошта» АҚ облыстық филиалы басшысының бизнес жөніндегі орынбасары Әбілхан Дауылбаев іле-шала БАҚ өкілдерін жинап, брифинг өткізді.
Барлық мектеп оқушылары «Қазпоштадан» әлеуметтік карталарын ала алмаса да, олар үшін жол жүру шарттары өзгеріссіз қалатын болды. Яғни, 15 жасқа дейінгі оқушылар қоғамдық көлікте қолма-қол 40 теңге төлеп қатынай береді. Бірақ бұл ереже 1 маусымға дейін ғана.

«Мұндай өзгеріс болатыны туралы алдын-ала неге хабарланбады?» деген БАҚ өкілдерінің сауалына «Қазпошта» АҚ облыстық филиалы басшысының бизнес жөніндегі орынбасары Әбілхан Дауылбаев филиал жергілікті әкімдіктің шешімін күткенін айтады. Ал Наурызбай Мусин ақпан айында әкімдік аталған жобаны енгізуді 1 сәуірге дейін қалдырғанын еске салды.

Жергілікті билік өкілінің айтуынша, көбісі картаны рәсімдеуге тіптен асықпайды. Мәселен, өңірдегі 25 мың оқушының 16 мыңы ғана картаға тапсырыс берген. 41 мыңнан астам зейнеткердің 18 мыңнан астамы ғана алуға ниеттеніпті.
Әбілхан Дауылбаевтың айтуынша, қазір 29 наурыз күнгі таңертеңгідей кезек жоқ. Бәрі ретке келген. Пошта қызметкерлері енді білім беру орындарында карталардың жіберілетінін айтып түсіндіруде.
– Неге бұрын хабарлағанымыздай, мектептерде карта тарата алмадық? Себебі, бізге тыйым салынды. Қазір 1 сәуірден бастап барлық балалар мектепке баратын болды. Осыған орай біз карталарды «Қазпоштада» беруге шешім қабылдаған болатынбыз. Қазір кесте жасалды. Сабақтан тыс уақытта біз оларды өздері оқиын білім орындарына таратып беретін боламыз. Бірақ карталарды «Қазпошта» кеңселеріне келіп, іске қосу қажет екенін ескерткен жөн. Толық ақпарат ата-аналардың мессенджер чаттарында түсіндірілетін болады, – деп мәлімдеді Ә.Дауылбаев пен Н.Мусин.
