Қайта іске қосылады

Шетелдік инвесторлар Қарабалықтағы құс фабрикасына қайта «жан бітіруді» көздейді. Кәсіпорын айналма қаражаттың жоқтығынан жеті жыл бойы  тұралап қалған-ды. Қарызы екі миллиард теңгеден асып, банкрот болған.  Осы уақытқа дейін кепілдегі құс қоралары мен жабдықтар түгел сақталды. Қазір жергілікті билік жарық, газ, су және кәріз жүйелерін тарту мәселесін  қарастырып жатыр. Сәтін салса, инвестор алғашқы өнімді келер жылдың басында шығарады. Нысан іске қосылғанда айына бір мың тонна құс етін өндіруге қауқарлы болмақ. 2d3da3a7-7d8b-4933-b40a-a9dd64529759«Инсвесторлар кәсіпорын ашылғанда 250-300 адамды жұмыспен қамтимыз деп отыр. Мұның аудан экономикасына пайдасы өте зор. Салық тұрақты түседі. Сосын тауық еті, жұмыртқа өндіру жағынан да өсім болады деп үміттенеміз.  Мұның алдында бізге шетелдерден, еліміздің өзге облыстарынан қаншама инвестор келді. Бірақ, олардың іс жобалары іске асырылған жоқ»,-дейді Қарабалық ауданы әкімінің орынбасары Қайрат Сәлмағамбетов.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓