Күзгі жақсылық аптасы

Рудный индустриялық институтының шығармашылық тобы «Күзгі жақсылық аптасы» қайырымдылық акциясы шеңберінде Қарттар мен мүгедектерге арналған №2 интернатта болып қайтты.
ррррррБүгінде қазыналы саналған қарияларымыздың көпшілігі қалған аз ғана өмірін қарттар үйінде өткізіп жатқандығы ащы шындық. Балалары мен немерелерінің мейірімінен жұрдай болған аға-әпкелерімізге бір сәт көңіл бөліп, қал-жағдайын сұрау – адамгершіліктің белгісі. Осы тұрғыдан алғанда рудныйлық студенттер жылына бұл мекемеге 3-4 рет бас сұғып, қолда бар көмегін аяған емес. Қарттарға тамаша көрме ұйымдастырып, жүзден астам кітап сыйлаған жастар бұл жолы концерттік бағдарламасымен қуантты. Күміс көмей әншілер мен мың бұралған бишілердің өнерін сілтідей тамашалаған көрерменнің қошеметінде шек болмады. Әсіресе институттың 2-курс студенті, «Қазақ тілі жанашырлары» клубының жетекшісі Алия Закарияның мәнерлеп оқыған өлеңінен кейін кейбір апаларымыздың көзіне еріксіз жас келді. Көрерменге мерекелік көңіл-күй сыйлаған үшбу концерт бір сағатқа созылды. Кеш соңында қариялар студенттерге өз алғыстарын айтып, қимай қоштасып жатты.
 
Қуаныш Есқабыл

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓