“Тарих маусымы”
Рудный. Оқушылар мен жастар сарайында облыстық премьер лиганың финалдық ойыны өтті. Ерекше тартысты болған ойын жыл үздігін анықтады. 4 сайыстан тұрған жарыста арқалықтық «Ойбуу» командасы топ жарды. Екінші орынды «Номад» «СарыарқаАвтоПром» ЖШС еншілесе, «Ішкі істер құрамасы» үшінші сатыға көтерілді. Ал, «Жаңа ғасыр жастары» командасының ойыншысы Ә.Мәлік үздік ойыншы атағын иемденді.