Қыздар ұйымы құрылды

Қостанай ауданының Мичурин ауылында «Қызғалдақ» қыздар ұйымы құрылды. Ұйымға 5-11 сыныптардың қыздары қабылданады.«Мақсатымыз – кәмелетке толмаған қыздар арасында құқық бұзушылықтың, тұрмыстық зорлық-зомбылықтың, ерте жүктілік пен суицидтің алдын алу, сапалы медициналық қызметке қолжетімділік құқығын іске асыру. Сонымен қатар, қыздарды адамгершілікке тәрбиелеп, көшбасшы тұлға болып жетілуіне, қоғамдық жұмыстарға араласуына ықпал еткіміз келеді», – дейді Мичурин ОМ мұғалімі Х.Төлекина.Алғашқы кездесуде «Әдемі күл, сыпайы жүр, сұлу ойлан» психологиялық тренингі ұйымдастырылды. Ұйым мүшелері «Қыз бала қандай болуы керек?» деген сұраққа топтасып, талқылап, пікір білдірді. 
Алдағы уақытта қыздарды қол өнерге баулу, шаш, бет күтімі, ән айтуға, сән өнеріне үйрету, қайырымдылық акциясы сияқты іс-шаралар жоспарланып отыр.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓