Тұрақтылық тұғырында

Дәл қазір облыс басшысы А.Мұхамбетовтың қатысуымен Арқалық қаласының әкімі А.Балғариннің халық алдында есеп беру жиыны өтіп жатыр, деп хабарлайды сол жақтағы тілшіміз. WhatsApp Image 2018-02-01 at 10.03.50Өткен жылы Арқалықта әлеуметтік-экономикалық саланың дамуы тұрақты болды. Әсіресе, нақты секторлардың дамуы жолында, шағын және орта бизнес субъектілерін қолдау саласында көптеген жұмыстар атқарылған. Өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығы қала экономикасының басты табыс көзі десе болады.
Былтыр қала диқандары 148,7 мың тонна астық орған. Мал шаруашылығына өткен жылы 307 млн теңге көлемінде субсидия беріліпті.
Өнімдердің жалпы ауқымы 7 млрд 505 млн теңгеге шақ келді. Мұндай табыстың еселенуіне ұзын саны 2 мыңға жуық жұмыскері бар маңдайалды 10 кәсіпорын үлес қосты. 
Дегенмен, өнімнің нақты көлемінің индексі былтырғыдан сәл төмендеді – 88,2%. Бұл, қала әкімінің айтуынша,  "Қазақстан Алюмині" АҚ ТБКБ-да боксит өндіру көлемінің 17%-ке дейін төмендеуімен байланысты.
Ақпарат кейінірек толықтырылады.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓