Осындай атаумен 2007 жылы бастау алған республикалық акция аясында биыл бүкіл ел болып Сайын Мұратбековтың "Басында Үшқараның" және "Жусан иісі" әңгімелері оқылып, талқылануда.
Алтынсарин аудандық кітапханасында аталған акцияның салтанатты жабылу шарасы өтті. Онда жазушының шығармалары талқыланып қана қоймай, келген қонақтар мен кітапхана оқырмандарына оның өмірі мен шығармалары жайлы бейнероликтер көрсетілді.