30 шақырымның азабы: жолда босанған әйел
Көктем келгенімен, қатты жел, боран, бұрқасын әлі басылар емес. Тіпті, аймағымыздың оңтүстік өңірлері қатты желдің әсірінен басып қалған қар құрсауынан құтыла алмай отыр. Жаяу борасын жолдарды жиі басып, қатынасты қиындатуын тоқтатпай тұр. Ең бастысы, осындай уақытта адам денсаулығы алдыңғы орында болатыны анық. Облыстық ТЖД ауа райының қолайсыз күндерінде сақтық шараларын барынша қолға алуды ескертеді.

21 наурыз күні сағат 9:36-да 112 пультіне Арқалық қаласынан 30 шақырым жердегі Фурманов елді мекенінен жаңа туған нәрестесі мен анасын шұғыл ауруханаға жатқызу туралы хабарлама түседі.


Бізге белгілі болғандай, аяғы ауыр әйелді Фурманов тұсында жол үстінде күйеуі босандырып алыпты. Бұл туралы Арқалық өңірлік орталық қалалық ауруханасының бас дәрігері Құралбай Асанов хабарлады. Қазір ананың да, баланың да денсаулығы жақсы. Ал жаңа туған нәрестелі келіншекті Арқалыққа дейін жеткізу үшін төтеншеліктердің көмекке баруына тура келген.


