Тізгінде – тарихи тұлғалар

Қостанай қаласы орталығында "Тарих керуені" шеруі өтті. Шеруде атқа мінген Қыдыр ата және тарихи тұлғалар жұртшылықты Наурыз мерекесімен құттықтады. Тұлғалар арасынан Ыбырай Алтынсаринді, Абай Құнанбайұлын, Шоқан Уәлихановты, Ахмет Байтұрсынұлын оңай тануға болады. Сондай-ақ, Абылай мен Тәуке хандар, қазақ эпосының кейіпкерлері Қыз Жібек пен Төлеген де бар. Рөлдерді І.Омаров атындағы қазақ драма театрының актерлері сомдады.
– Қазіргі жағдайға байланысты біз шағын ғана іс-шаралар өткізуге мәжбүрміз, – дейді "Мирас" мәдениет үйінің басшысы Мәди Нұрмұхамбетов. –  Екі күн қатарынан "Қостанай Плаза" СҮ маңында концерт бердік. Шеру де халықты ерекше әсерге бөлегенге ұқсайды. Шағын іс-шараларымыздың өзі көпшілікке мерекелік көңіл-күй сыйлағанына қуаныштымыз.
Жұртшылық аттылар шеруінен көшпелі халық тұрмысында қолданылған бұйымдарды да тамашалады. Ту көтерушілер арасынан тазы жетектегендерді де көруге болады.
Қоса кетейік, Ұлыстың ұлы күніне арналған іс-шаралар жалғасын тауып жатыр. 23 наурызда "Мирас" Мәдениет үйінде қаланың үздік ұжымдарының қатысуымен концерттік бағдарлама өтеді. Басталуы сағат 17:00-де.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓