Жаңа конвейер салынуда

Бүгін облыс әкімі Архимед Мұхамбетов Қостанай қаласының индустриялық аймағында орналасқан «МТЗ – Казахстан» ЖШС-не барды. Кәсіпорын ауыл шаруашылығы тракторларын өндірумен айналысады. Жобалық қуаттылығы – жылына 3 мың трактор. Зауытта 70-ке жуық адам жұмыс істейді, олардың көбі – жақында техникалық мамандықтарды бітірген жастар."Аралау барысында негізгі өндірістен басқа, кабиналар шығаратын жаңа цех пен екінші құрастыру конвейерінің құрылыс барысымен таныстым. Объектіні салу және жоспарланған іске қосу «Беларус» маркалы тракторлар өндірісін жергіліктендіру деңгейін арттыру қажеттілігіне негізделген. Кәсіпорын басшылығының ақпараты бойынша, жаңа жобаның арқасында жұмыс орындарының саны 200 адамға дейін артады. Бұл жоба облыстың машина жасау саласын одан әрі дамытуға оң әсерін тигізеді деп есептеймін", – деп жазады аймақ басшысы "Инстаграм" желісіндегі парақшасында.Облыс әкімі жұмыс сапары соңында объект құрылысы жұмыстарын уақтылы аяқтауға мүдделі мемлекеттік органдарға кәсіпорынға жәрдемдесу мүмкіндігі туралы тапсырмалар берді.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓