Наурыз: шексіз ғылым мен шабыт

Назарбаев Зияткерлік мектептерінде Ұлыстың ұлы күніне арналған шаралар басталып та кетті. Биыл елдегі жағдайға байланысты барлық кездесулер онлайн форматта өтіп жатыр. Сонымен қатар, басым бағыт «Планета және Пластик: адамзат экомәдениеті» жер шарының жасыл болашағы мен экологиялық мәдениетке арналып отыр.
    Наурыз кездесулері – «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымының жалпы білім беретін мектептер мен Назарбаев Зияткерлік мектептерінің оқушылары арасында зерттеу қабілеттерін дамыту. Мұндай шаралар оларды ғылымға тарту және білімін тереңдету мақсатында жыл сайын дәстүрлі түрде өткізіліп келеді.
    Жас ғалымдарға арналған NIS-тің ең ауқымды диалогтық алаңдарының бірінде дәстүр бойынша шетелдік және қазақстандық спикерлермен пікір алмасуға Зияткерлік және жалпы білім беретін мектептерден 380-нен астам оқушы жиналды.
    Наурыз кездесулерінің қатысушылары Қостанай қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 11 сынып оқушылары Сәния Өмірзақова мен Дилара Усембаева «Тағам қалдықтарынан пластмассалар жасау» ғылыми жұмыстарын ұсынған болатын. Олар осы ғылыми жұмыстарымен Халықаралық ғылыми жарыста I орынға ие болды. Кездесуде жас зерттеушілер экологияны қорғауда ерекше бағыттарын ұсынды, яғни пластиканың қоршаған ортаға зияны жоқ, тағам қалдықтарынан жасалған пластиканы көрсетті.
    -Мұғаліммен өткізген сабақтарымызда біз экологиялық проблемаларды жиі талқыладық. Жасанды материалдардан және табиғи түрде ыдырамайтын пластмассадан жасалған қоқыс мөлшерін азайту мәселесі бізді қызықтырды. Бір жыл ішінде олар оңтайлы құрамын және өндіріс технологиясын, биопластиканың физикалық және химиялық қасиеттерін – өсімдік топырағында өздігінен ыдырайтын өсімдік қалдықтарынан жасалған материалды табуға бағытталған көптеген тәжірибелер өткіздік, дейді жас зерттеушілер.
    Айта кету керек, Наурыз кездесулері 2011 жылдан бері ұйымдастырылып келеді. Және бұл іс-шара еліміздің барлық аймақтарынан ғылымға қызығушылығы бар оқушыларды және жас өнертапқыштарды біріктіретін платформаға айналды. 2011-2019 жылдар аралығында аталған іс-шараға жалпы білім беретін және Назарбаев Зияткерлік мектептерден 1400-ге жуық оқушы қатысты.
 
 
 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓