Шашсаң – зиян, жисаң – кәделі

Қостанай ауданы Заречный мектеп-лицейінде «Батарейканы тапсырыңыз!» акциясы өтті. Іс-шара мақсаты – пайдаланылған батареяларды жинау және жою, оқушыларды қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарауға үйрету.
Қазір әлемде жабдықтардың 80%-дан астамында батареялар қуат көзі ретінде тұтынылады. Ал пайдаланылған батареяларды кәдеге жарату қоғамның өткір мәселесі болып тұр.
Саусақтай ғана батареяның өзі шамамен 20 шаршы метр аумақты ластайды. Бұл дегеніңіз орман аймағында бұл екі ағаштың, бір кірпінің және бірнеше мың құрттың тіршілік ету ортасы.
«Біз батареяларды жинап, оларды арнайы контейнерге апарамыз. Мектеп фойесінде орнатылған біздің эко-контейнерде 600-ге жуық пайдаланылған батарея жиналды. Тапсыратын уақыт келді», – дейді Заречный мектеп-лицейінің Көркем еңбек пәнінің мұғалімі Татьяна Бурыкина.
Батареялар өңдеуге жіберіліп, одан қағаз, металл, пластик, жаңа батареялар алынады. 100 килограмм батареядан 15-тен 30 келіге дейін мырыш пен темір шығады. Ал 100 батареядан 100 қарындаш (графит), 1 үстел жиынтығы (темір), 1 килограмнан астам тыңайтқыш (марганец), 3 уыс жез алынады екен.
 
Аслан Қанғожин

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓