COVID-19: +46

16 наурызда Қостанай облысында 46 адамнан коронавирус табылды.
Атап айтқанда, Қостанай қаласында – 33, Рудный қ. – 6, Әулиекөл ауданында -4, Жітіқара ауданында – 3 жағдай тіркелді.
34 адам өздігінен жүгінген кезде, 12 коронавирус расталған адамдармен байланыста болған күдіктілер ретінде тексерілді.
Індет жұқтырғандардың ішінде 41 адамда ауру белгілері болды, 5 адамға симптомсыз түрі тән.
Жалпы, Қостанай облысында 2020 жылғы 3 сәуірмен 2021 жылғы 16 наурыз аралығында COVID-19-ды  13211 адам жұқтырған. Емделіп шыққан адамдардың саны – 11874.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓