Болашаққа бағдар

"Мәңгілік Ел – ата-бабаларымыздың сан мың жылдан бергі асыл арманы. Ол арман – әлем елдерімен терезесі тең қатынас құрып, әлем картасынан ойып тұрып орын алатын Тәуелсіз Мемлекет атану еді. Ол арман – тұрмысы бақуатты, түтіні түзу ұшқан, ұрпағы ертеңіне сеніммен қарайтын бақытты Ел болу еді.Біз армандарды ақиқатқа айналдырдық. Мәңгілік Елдің іргетасын қаладық"
Н.Ә.Назарбаев.
("Қазақстан жолы–2050:  бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ" атты Жолдауынан).
 
Елбасының "Қазақстан жолы–2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ" атты Жолдауында "Мәңгілік ел" туралы айтылады. Мұндағы "Мәңгілік ел" дегеніміздің мән-мағынасы қандай? Жолдау жүктеген міндеттер қаншалықты орындалуда? Осы ойды көпшілікке түсіндіру мақсатында облыстық ақпараттық-насихат тобы Қарасу ауданының Железнодорожный  ауылына барды.
 
Мақсатты топтың құрамында облыстық кәсіпкерлік және индустриалдық-инновациялық даму басқармасының, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының, ішкі саясат басқармасының өкілдері бар. Ақпараттық-насихат тобы мемлекеттік бағдарламалардың жүзеге асуы туралы баяндама жасап, ауыл тұрғындары үшін азаматтарды қабылдау ұйымдастырды. Кездесуге қатысушылар Елбасының халықтың әл-ауқатын көтеруге бағытталған бағдарламалары туралы ой-пікірлерін айтты. Көкейдегі сауалдарын қойып, оларға нақты жауаптар алды. Іс-шараны облыстық ішкі саясат басқармасының әлеуметтік тапсырысы аясында "Ел ертеңі" қоғамдық бірлестігі ұйымдастырды.
1.1

Ақпараттық-насихат тобының мүшелері

XXI ғасырда стратегиялық жоспарлау ең өзекті қағида болып саналады. Егер ел өз бағыты мен баратын айлағын білмесе, ешқандай жел оңынан соқпайды. Сондықтан да әлемнің алпаут елдері ұзақ мерзімді жоспар бойынша жұмыс істеуде. Біздегі "Қазақстан–2050" Стратегиясы әлеу-меттің әлеуетін жақсартуға, ел экономикасының қарқынды дамуына мүмкіндік береді. Жыл сайын халықтың тұрмысы түзеліп, тәуелсіз мемлекетіміздің үздік 30 елдің қатарына қосы
1.2

Ауылдықтарға мемлекеттік бағдарламалар туралы кеңес берілді

луына жол ашады. Стратегия күннен-күнге, жылдан-жылға қазақстандықтардың өмірін жарқын ете түсетін нақты практикалық істер бағдарламасы. Бірақ нарықтық жағдайда аспаннан нәпақа күтпей, тиімді еңбектену керектігін әркім-ақ түсінуі тиіс. Жұмыссыздық деңгейін төмендетіп, ел экономикасына жан бітіру Елбасы Жолдауының ең басты міндеті. Бұл бағыттағы жұмыстар Қарасу ауданында да жасалып жатыр. Мәселен,  ауданда "Бизнестің жол картасы–2020", "Жұмыспен қамтудың жол картасы–2020", "Өңірлерді дамыту", "Саламатты Қазақстан–2015", "Балапан", "Сыбаға" сынды мемлекеттік бағдарламалар жемісті жүзеге асуда.
 
Самұрат Еркебланов,
облыстық ішкі саясат бас-қармасының бас маманы:
– "Қазақстан–2050" Стратегиясының басты мақсаты – Қазақстанды әлемдегі дамыған 30 елдің қатарына қосу. Ол үшін Елбасы болашағымызға бағдар беретін, ұлы мақсат-тарға жетелейтін "Мәңгілік ел" идеясын көтерді. Елдің ертеңі, береке-бірлігі үшін бас қоссақ, біз бағындырмайтын шың, біз алмайтын асу жоқ. Мәңгілік ел – ұлтты ұйыстырып, ұлы мақсаттарға жетелейтін идея. Бұл – Мәңгілік Қазақ елі деген сөз. Ата-бабамыз ғасырлар бойы армандап өткен егемендік біз үшін тым қымбат. Сондықтан  тәуелсіздікке бекем болып, тыныштық пен тұрақтылықты сақтап қалуымыз керек. Осы ойды Мәңгілік елдің перзенттері түсінсе екен.
 
Жібек Тоқаева,
Қарасу аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы:
– Экономикамызда шағын және орта бизнестің үлесі арт-қан сайын еліміздің дамуы да орнықты бола түседі. Шағын және орта бизнесті дамыту – XXI ғасырдағы Қазақстанды индустриялық және әлеуметтік жаңғыртудың басты құралы. Елбасы Жолдауында "…шағын бизнес ұрпақтан-ұрпаққа берілетін отбасы дәстүріне айналуы тиіс" делін-ген. Біздің аудандағы шағын кәсіпкерліктің дамуы ауыл шаруашылығы өндірісімен тығыз байланысты. Себебі, Қарасу мал шаруашылығымен айналысуға қолайлы мекен. Халықтың көпшілігі "Сыбаға" бағдарламасы арқылы ірі қара санын асылдандыруды қолға алды. Ауданда  шағын бизнестің 1253 субъектісі тіркелген. 3196 адам жеке кәсіпкерлікпен айналысады. Яғни, осынша адам өзін-өзі жұмыспен қамтып, күн көріп отыр деген сөз.
 
Қанат Бақтығұтова,
облыстық жұмыспен қамту  және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру  басқармасының бас маманы:
– Жұмыссыздық проблемасын шешуге арналған мемлекеттік бағдарламалар жет-кілікті. Кезінде дағдарысқа қарсы "Жол картасы" бағдарламасы әзірленді. Соның ар-қасында селолық кәсіпкерлікті дамытуға мүмкіндік туды. Ел үкіметі 2013 жылы "Жұмыспен қамтудың жол картасы–2020" бағдарламасын бекітті. Ол ауылдағы кәсіпкерлікті қолдау, жұмыссыздарды оқыту және жұмысқа орналастыру сияқты үш бағыт бойынша жұмыс істейді. Бағдарлама бойынша шағын несие алуға облыс тұрғындарының қызығушылығы артуда. Биыл облыс бойынша 450 несие берілді. Шағын кәсіпкерлікті қаржыландыру өңіріміздің барлық аудандарын қамтуда. Сондай-ақ ауылда бизнес ашу үшін 37 қала тұрғыны шағын несие алды. Осындай бағдарламалар әркімнің жеке кәсібін ашып, еңбек етуіне жол ашып отыр. Ауылдағы ахуал мүлде нашар деп айта алмаймыз.  Ниет болса, жұмыс табылады, мемлекет тарапынан қолдау бар. Тек масылдық санадан арылуымыз керек. 
Қымбат
     ДОСЖАНОВА

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓