Қостанайлық түлектер қанат қақты

Облыс әкімдігінің орталық алаңында мектеп бітруші түлектердің салтанатты кеші өтті. "Жастар болашағы" атты кешке үш облыстық және жиырма бір қалалық мектептен 1089  түлек қатысты. Қостанай облысы әкімінің орынбасары Марат Жүндібаев түлектерді құттықтады. Ол Жастар жылы аясында биылғы жылы түлектерге мақсаттарын жүзеге асыруға мүмкіндік беруге арналған шаралар қолға алынатынын атап өтті. Сондай-ақ, осы жылы мемлекет гранттарды ұлғайту жөнінде шаралар қабылдағанын жеткізді.IMG_9753
IMG_9743
IMG_9749"Мемлекет 69 000-нан астам грант бөлген, бұл өткен жылмен салыстырғанда 30%-ға артық. Бұл бүгінгі күні сіздергеге ақысыз негізде жоғары білім алу үшін қосымша мүмкіндіктер берілетінін білдіреді. Жоғары біліммен қатар техникалық мамандықтарға, жұмысшы кәсіптерге басымдық беріледі. 2017 жылдан бастап, Қостанай облысында тегін білім беру бағдарламасы бойынша 16 000-нан астам адам білім алуда. Жастар үшін барлығы жасалып жатыр. Біздің облыста 5 жатақхана салынады, қазір Қостанай мемлекеттік педагогикалық университеті мен Қостанай мемлекеттік университеттері құрылыс жұмыстарын бастап кетті. Сондай-ақ, республикалық бюджеттен мектеп құрылысына 2,5 миллиард теңге бөлінді. Биылғы жылы Әуежай шағын ауданында мектеп құрылысы аяқталады. Юбилейный шағын ауданында, Әулиекөл ауданының Аманқарағай кентінде мектеп құрылысы басталады. Мектептерді күрделі жөндеуден өткізуге 2,5 миллиард теңге бөлінді. Көптеген спорт нысандары іске қосылды, бірегей нысан – Жастар сарайы салынды. Мамыр айында Қазақстан мен Ресейден келген жастар қатысқан халықаралық форум өтті", – деді облыс әкімінің орынбасары Марат Жүндібаев.  IMG_9792
IMG_9764
IMG_9811Сонымен қатар, ол 2018-2019 оқу жылында облыс мектептерінің оқушылары республикалық маңызы бар 53 марапатқа және халықаралық деңгейдегі 12 марапатқа ие болғанын, оның ішінде бір алтын медаль жеңіп алғанын айтты. Облыс әкімінің орынбасары түлектерге сәттілік тілеп, педагогтар мен ата-аналарды құттықтады.IMG_9778
IMG_9866
IMG_9814Құттықтау сөзінен кейін  Марат Жүндібаев 2019 жылдың ең үздік 30 түлегіне "Алтын белгі" төсбелгісін және ақшалай сыйақыны табыс етті.
"Осы жетістікке жеткізген мектеп директорына, сынып жетекшіме, барлық ұстаздарыма рахмет айтқым келеді. Болашақта үздік маман болып, өмірден өз орнымды табамын деген үміттемін. Жас түлектерге биік асулардан көрініп, ұстаздардың үмітін ақтауын тілеймін", – дейді Ы.Алтынсарин атындағы мектеп интернатының түлегі,"Алтын белгі" иегері Ернұр Жұматай.IMG_9824
IMG_9828
IMG_9898
IMG_9838Сондай-ақ, облыс әкімінің құттықтау хаты мен орта білім туралы аттестаттар табыс етілді. Салтанатты кеш барысында түлектер ата-аналар мен мұғалімдерді құшақ биіне шақырды.
Айта кету керек, жалпы облыс бойынша осы жылы 4793 түлек мектеп бітірді. Оның 186-ы – "Алтын белгі "иегері, 182 түлек үздік аттестатқа ие.IMG_9874
 
Әсел ҚИБАШ
Суреттерді түсірген Бердіболат Көркембаев

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓