Құжаттарды үйге әкеп береді
Халыққа қызмет көрсету орталығы ілкі режимде мемлекеттік қызмет көрсетуде. Мұндай қызметті ХҚКО-на өз бетімен келуге мүмкіндігі жоқ І және ІІ топтағы мүгедек азаматтар пайдалана алады.

Мұндай қызмет түрі өткен жылдың қазан айынан басталды. Өткен жылы мемлекеттік қызмет түрін 9 мүгедек қолданды. Жыл басынан бері орталық қызметкерлері 1317 рет қамкөңіл жандардың үйіне құжаттарын жеткізген.
Бұл үшін мүмкіндігі шектеулі адам мемлекеттік қызмет көрсету қажет болған жағдайда бірыңғай байланыс орталығына 1414 телефон номері арқылы қоңырау шалып, өзінің деректерін хабарлап, қызмет алу үшін қажетті құжаттардың тізбесін біліп, өтінім қалдыруы керек. Бұдан кейін клиентке қолайлы уақыт келісілген соң ХҚКО-ның қызметкері қызмет көрсету үшін өзі келеді.
Шұға
ҚОҢҚАБАЙ
Сурет Алау сайтынан алынды