Қамкөңіл жандар қамқорлығымызда
Денисов аудандық мәдениет үйінің кіші залында «Мақсат» үкіметтік емес ұйымының демеушілік көрсетуімен мүмкіндігі шектеулі жандардың күні аталып өтті. Аудан әкімінің орынбасары Болат Сандыбайұлы зағип жандарды мерекемен құттықтап, ақжарма тілегін білдірді.
Бүгінде Денисовте 536 мүгедек бар. Ауданда оларға ұдайы қамқорлық көрсетілуі жақсы жолға қойылған.Әр мереке сайын назардан тыс қалмайтын жандардың көңіл-күйі бүгін тіптен ерекше.Юлия Лукашенко лезгинка биін билесе,Оксана,Татьяна Макраусовалар ,Людмила Вишневская ,Виктор Безайлар ән шырқады.Ал Ярослав Ротман оқыған «Мама» өлеңі жиналғандардың көзіне еріксіз жас үйірілтті. Әсерлі кешті әрмен қарай аудандық мәдениет үйінің қызметкерлері қойған концерттік бағдарлама жалғастырды. Арнайы ұйымдастырылған спорттық іс –шара жеңімпаздары мен өнерпаздарға үкіметтік ұйым мүшелері сыйлықтар табыс етті.Өзгелердің өздеріне деген ерекше ілтипатын,мейірімі мен қамқорлығын сезінген қамкөңіл жандар алғыстарын білдірді.
Күнжан Әбеу
Денисов ауданы