COVID-19: +49

12 наурызда Қостанай облысында 48 адамнан коронавирус табылды.
Атап айтқанда, Қостанай қаласының 31 тұрғыны, Рудный қ. – 4, Денисов, Жітіқара және Б.Майлина аудандарында 3-ден, Ұзынкөл-2, Әулиекөл және Федоров аудандарында 1 адамнан.
32 адам ауруханаға өздігінен жүгінген кезде, 13 адам коронавирус расталған адамдармен байланыста болған күдіктілер ретінде, 3 жағдай профилактикалық мақсатта тексерілді.
Індет жұқтырғандардың ішінде 36 адамда ауру белгілері болды, 12 адамға симптомсыз түрі тән.
Жалпы, Қостанай облысында 2020 жылғы 3 сәуір мен 2021 жылғы 12 наурыз аралығында COVID-19-ды  13021 адам жұқтырған. Емделіп шыққан адамдардың саны – 11696.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓