COVID-19: +50

10 наурызда Қостанай облысында 50 адамнан коронавирус табылды.
Атап айтқанда, Қостанай қаласының 26 тұрғыны, Рудный қ. – 7, Жітіқара ауданында – 6, Әулиекөл ауданында – 5, Федоров ауданында – 3, Б.Майлина ауданында – 2, Қарабалық ауданында – 1 адам.
36 адам ауруханаға өздігінен жүгінген кезде, 12 адам коронавирус жұқтырған адамдармен байланыста болған күдіктілер ретінде, 2 адам профилактикалық мақсатта тексерілді.
Індет жұқтырғандардың ішінде 38 адамда ауру белгілері болды, 12 адамға симптомсыз түрі тән.
Жалпы, Қостанай облысында 2020 жылғы 03 сәуір мен 2021 жылғы 10 наурыз аралығында COVID-19-ды 12924адам жұқтырған. Емделіп шыққан адамдардың саны – 11565.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓