ҰБТ қайта тапсыру мүмкіндігі беріледі

Болашақта мектеп түлектері ұлттық бірыңғай тестілеуді бірнеше мәрте тапсыруы мүмкін. Тесті бірнеше мәрте тапсыру әлемнің көптеген елдерінің тәжірибесінде бар. Сондықтан да еліміздің Білім және ғылым министрлігі ақпараттық технологияларды пайдалана отырып, болашақта осы тәжірибені Қазақстанда да енгізуді жоспарлап отыр.e87b29ab1477476324b0ec81b5af5ddc_XL
Сонымен қатар тест сұрақтарының сапасы да назардан тыс қалмаған. Жылдан жылға тапсырмалар сұрыпталып, сүзгіден өтіп зерделенуде. Биылғы ұлттық бірыңғай тестте кереғар сұрақтар болмайды дейді мамандар. Барлық тест сұрақтары мектеп оқулықтарынан енгізіледі.26303574_3
Биыл Қостанай облысы бойынша 4365 жасөспірім мектеп түлегі атанбақ. Олардың 121-і «Алтын белгі» иегері және 35 оқушы үздіктер қатарына жатады.  Қостанай облысының білім беру басқармасының алдын ала мәліметінше бүгінгі күні 2871 бала ҰБТ тапсыруға өтініш білдірген.  Ал мұндай білім сынағыннан өтуден бас тартқандар 31 мамырдан бастап мемлекеттік емтихандарға білім деңгейлерңн көрсетпек.  
 
Махаббат Бекбай0

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓