Оқу аралас форматқа көшпек

10 наурыздан бастап облыстағы санитарлық-эпидемиологиялық жағдайдың жақсаруына және тұрақтануына байланысты сыныптардағы балалар саны 25 адамнан аспайтын жалпы білім беретін мектептердің 1-5 сынып оқушыларын аралас форматта оқытуға рұқсат етілді. Бұл туралы облыстық білім басқармасының баспасөз қызметі хабарлайды.
    «Аралас форматқа көшу қысқа мерзімде іске асырылып, апта соңына дейін аяқталатын болады. Бұл ретте пәндердің 70 %-ы штаттық форматта, 30%-қашықтықтан өткізіледі, ол пәндерді мектеп жеке анықтайды.   Мектептерде балалардың қауіпсіздігі мен денсаулығын сақтау үшін барлық жағдайлар жасалған, оқу үдерісі санитарлық-эпидемиологиялық нормаларды сақтай отырып ұйымдастырылған. Ерекше жағдайларда ауырған кезде немесе науқастармен қарым-қатынас кезінде ата-аналардың өтініші бойынша балаларды қашықтық форматта қалдыруға рұқсат етіледі. 300 балаға дейінгі мектеп штаттық форматта жұмысын жалғастырады. Аралас форматта 9 және 11 сынып оқушылары оқиды», – делінген хабарламада.
     Түсінбеушілік туындамас үшін айрықша айта кетер жайт, оқушылар сабаққа мектеп формасында да, ата-аналардың шешімі бойынша еркін, таза және ұқыпты киіммен де қатыса алады.
     Қашықтан оқытуда қалып отырған 6, 7, 8 және 10 сыныптардың 4-тоқсанынан бастап штаттық режимде оқыту мәселесі қаралуда. Мектепке дейінгі балалар мекемелерінің қызметіне топтағы саны 25 адамнан аспайтын кезекші топтар форматында рұқсат етіледі», – дейді білім басқармасы өкілдері.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓