Маршрут музей сайтында
Қостанай облысында «Ыбырай Алтынсариннің ізімен» атты виртуалды туристік маршруты әзірленуде. Жоба ұлы ағартушының 180 жылдығына арналып отыр. Маршрут толығымен дайын болғанда Қостанай облыстық Ы.Алтынсарин мемориалдық музейінің сайтына салынады."Жоба үш тілде жасалып жатыр. Маршрутта ұлы ұстазға қатысты өңірдегі барлық кешен барынша қамтылады. Сонымен қатар, қазірдің өзінде мұражайымыздың ішін, ұлы ұстаздың туған өлкесіндегі Омар құдығын, Ы.Алтынсарин кесенесін екі тілде 3Д виртуалды экскурсиясы арқылы сайтымыздан тамашалауға болады", – деді музей басшысы Марғұлан Оспанов.