Тағы елу адам
8 наурызда Қостанай облысында 50 адамнан коронавирус табылды.
Атап айтқанда, Қостанай қаласының 25 тұрғыны, Рудный қ. – 6, Әулиекөл ауданында -5, Лисаков қаласы және Қарасу ауданында 3-ден, Денисов, Қамысты және Федоров аудандарында 2-ден, Меңдіқара және Б.Майлина аудандарында 1 адамнан індет жұқтырған.
38 адам ауруханаға өздігінен жүгінген кезде, 9 адам коронавирус расталған адамдармен байланыста болған күдіктілер ретінде, 3 жағдай профилактикалық мақсатта тексерілді.
Індет жұқтырғандардың ішінде 42 адамда ауру белгілері болды, 8 адамға симптомсыз түрі тән.
Жалпы, Қостанай облысында 2020 жылғы 3 сәуір мен 2021 жылғы 8 наурыз аралығында COVID-19-ды 12825 адам жұқтырған. Емделіп шыққан адамдардың саны – 11412.