7 адам қаза тапты

Қостанай –  Әулиекөл тас жолында ірі жол апаты орын алды. Шамамен сағат 16.30-да Қостанай –  Әулиекөл трассасының 69 шақырымында, Новонеженка мен Лаврентьев ауылы ортасында жол талғамайтын Лексус және Минцубиши Паджеро  көліктері бетпе-бет соқтығысқан. Салдарынан, жеті адамның оқиға орнында мерт болғаны белгілі болып отыр.  Оқиға орнында автопатрульдер мен жедел – тергеу тобы жұмыс істеуде деп хабарлайды Қостанай облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓