Қостанайда жай соғып, жаңбыр жауады

Ертең Қазақстан территориясының басым бөлігінде атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты еліміздің солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында және шығысыда жаңбыр жауып, найзағай ойнап, жел күшеюі сақталады. Күндіз Шығыста бұршақ болуы ықтимал. Республиканың қалған аумақтарында ауа райы жауын-шашынсыз болады. Бұл туралы ҚР ІІМ ТЖК хабарлады.20160428000841 Қостанай, Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Қызылорда облыстарының кей жерлерінде найзағай күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді. Күндіз Шығыс Қазақстан облысында бұршақ болуы ықтимал. Алматы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан  кей жерлерінде қатты ыстық сақталады. Оңтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде өте жоғары өрт қаупі сақталады.
 
Қазақпарат

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓