COVID-19: +68
23 ақпанда Қостанай облысында 68 адамнан коронавирус табылды.
Атап айтқанда, Қостанай қаласының 39 тұрғыны, Рудный қ. – 10, Әулиекөл ауданында -8, Сарыкөл ауданында- 6, Алтынсарин және Денисов аудандарында 2-ден, Жітіқара ауданында 1 адам індет жұқтырды.
44 адам ауруханаға өздігінен жүгінген кезде, 20 адам коронавирус расталған адамдармен байланыста болған күдіктілер ретінде, 4 жағдай стационарға жатар алдында профилактикалық мақсатта тексерілді.
Індет жұқтырғандардың ішінде 54 адамда ауру белгілері болды, 14 адамға симптомсыз түрі тән.
Жалпы, Қостанай облысында 2020 жылғы 3 сәуір мен 2021 жылғы 23 ақпан аралығында COVID-19-ды 12053 адам жұқтырды. Емделіп шыққан адамдардың саны – 10566.