Тобыл төсінде – би думаны

21-22 наурызда Қостанайда "Наурыз достарын шақырады" атты би өнерінің ІІ халықаралық on-line фестивалі өтеді. Кең ауқымды іс-шара "Рухани жаңғыру" мемлекеттік бағдарламасы аясында ұйымдастырылып, Тәуелсіздіктің 30 жылдығына арналады.
Фестивальдің ұйымдастырушылары – Қостанай облысының әкімдігінің білім және мәдениет басқармалары. Басты мақсат – балалар және жастар хореографиялық шығармашылығын насихаттау және қолдау көрсету, сондай-ақ ұлтаралық қатынастар мәдениетін дамыту.
Фесивальге Қазақстан, Ресей, Беларусь, Украина, Грузия, Армения, Өзбекстан, Қырғызстан, Молдова сынды ТМД елдерінен 36 балалар мен жасөспірімдер ұжымдары қатысады.
Тобыл төрінде тұңғыш рет өткен ауқымды мәдени іс-шара аясында 4 мемлекеттен келген 11 ұжым өнер көрсеткен болатын. Олардың дені ірі-ірі халықаралық байқауларда үздік танылып жүрген кәсіби би ұжымдары еді. Атап айтқанда, «Шашу» (Астана қ.),  «Невские зори» (Санкт-Петербург, Ресей), «Ералаш» (Челябинск, Ресей), «Бисеринки» (Татарстан), «Жемчужина» (Өзбекстан), «Тәбәрік» (Қырғызстан) және қостанайлық «Карнавал», «Алтынай», «Маленький орел», «Еркеназ», «Зарянка» би ансамблдері көрермендерін ерек өнерімен тәнті еткен-тін. Осы жолы қатысушылар саны әлдеқайда көп, демек би думаны бұрынғыдан ауқымды әрі тартымды болғалы тұр. Бұл фестивальдің кеңге қанат жая түскенінің жарқын мысалы.Концерттік қойылымдарды мына сілтемелер арқылы тамашалауға болады:
https://karnavalschool.kz/

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓