Қатаң шектеу қайта енгізілмек

Соңғы күндері аймағымыздағы COVID-19 инфекциясының өршуі мен эпидемиологиялық ахуалдың күрделенуіне байланысты облыстық жедел штаб 9 қарашадан бастап 2 аптаға карантиндік шараларды күшейту туралы шешім қабылдады. Атап айтқанда:

– периметр бойынша Қостанай қаласы аумағына, сондай-ақ, ҚР мемлекеттік шекарасынан өтетін көліктік өту пунктеріне блок-бекеттер орнату;
– КВИ ауруының күнделікті өсімі 10 адамнан жоғары елдімекендердің аумағына санитарлық блок-бекеттер қою;
– ПТР сараптамалық-талдау анықтамасы жоқ жүк көліктері мен автобустардың жолаушыларына Қостанай облысының аумағына кіруге тыйым салу, анықтама болмаған жағдайда ол адамдар 2 тәулікке карантиндік госпитальға жатқызылады;
– әуе көліктерімен қатынайтын жолаушыларда міндетті түрде теріс нәтижесі бар ПТР анықтамасы болуы шарт (берілген күннен 3 тәуліктен асып кетпеуі керек);
– әуежайлар мен теміржол вокзалдарына шығарып салушылар мен күтіп алушылардың кіруіне тыйым салу (билеті барларға ғана өтуге рұқсат);
– теміржол тасымалының сыйымдылығын азайту және жүру кестесін қысқарту («Қазақстан темір жолы» АҚ-мен келісе отырып);
– тұрғындардың елдімекендер аумағында жүріп-тұруын 21:00-ден 06:00-ге дейін шектеу
– қоғамдық көліктердің қозғалысына отыратын орындардың толуымен ғана 6.00-ден 22.00-ге дейін рұқсат беру, демалыс және мерекелік күндері қоғамдық көліктердің қозғалысын тоқтату;
– діни орындардың қызметін тоқтату (мешіттер, шіркеулер, соборлар, синагогалар және т.б.);
–  мәдениет нысандарының (жеке, топтық дайындықтар), кітапханалар, музейлер қызметін тоқтату
– жұмыс күндері сағат 08.00-ден 21.00 – ге дейін жұмыс режимін шектей отырып, бір мезгілде 30-дан аспайтын келушілер болған жағдайда үй-жайлардағы қоғамдық тамақтандыру объектілерінің, сағат 21.00-ден кейінгі жұмыс тек алып кетуге және жеткізуге, салтанатты, отбасылық, естелік, ұжымдық іс-шараларды өткізбей рұқсат беру. Жексенбі және мереке күндері сағат 21.00-ден кейін жұмыс тек алып кетуге және жеткізуге рұқсат етіледі;
08.00-ден 19.00-ге дейін жұмыс режимімен алдын ала жазылу бойынша сұлулық салондарының, шаштараздардың, СПА-орталықтардың, косметологиялық қызмет көрсететін объектілердің қызметіне рұқсат беру. Жексенбі күндері тоқтата тұру;
– бір келушіге 50%-дан аспайтын және 5 шаршы метрден кем емес толтырылуын қамтамасыз ету отырып, жұмыс күндері алдын ала жазылу бойынша фитнес-орталықтардың, жаттығу залдарының және спорттық-сауықтыру орталықтарының қызметіне рұқсат беру, жұмыс уақыты сағат 08.00-ден бастап 19.00-ге дейін. Демалыс және мереке күндері тоқтатыла тұрсын;
– спортшылардың ҚР-нан тыс жерлерде оқу-жаттығу жиындары мен жарыстарға қатысуға баруына тыйым салу;
– жерлеу іс-шараларын өткізу кезінде кемінде 2 метр қашықтықты сақтай отырып, 20-дан астам адамның (отбасы мүшелерінің, жақын туыстарының) жиналуына жол бермеу;
– күндізгі режимде кеңестер (отырыстар) өткізуге тыйым салу.
– мемлекеттік органдар, квазимемлекеттік сектор қызметкерлерінің 80%-ының жұмысын қашықтық режимге көшіру;
– жолаушылар саны 2 адамнан аспайтын, сағат 21:00-ден 06.00-ге дейін таксидің жүріп-тұруын шектеу;
– театрлардың, кинотеатрлардың қызметін тоқтата тұру;
– сауда үйлері, сауда орталықтары, азық-түлік емес дүкендер үшін жұмыс режимін 10:00-ден 20:00-ге дейін шектеу.
– азық-түлік дүкендерінің жұмыс режимін сағат 08:00-ден 21:00-ге дейін шектеу;
– термопарк жұмысын жабу;
– демалыс және мереке күндері қалааралық қоғамдық көліктің қозғалысы тоқтатыла тұрсын.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓