Басты мақсат – қоғам тұтастығын сақтау
Қостанай облысында ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің стратегиялық сессиясы өтті. Іс-шараның басты тақырыптары – азаматтық қоғаммен өзара әрекеттесу, этносаралық және конфессияаралық келісім, жастар және отбасы, сондай-ақ БАҚ салаларын дамыту.
Стратегиялық сессия ҚР Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі Марат Әзілханов пен Қостанай облысы әкімінің орынбасары Бақыт Есімова қатысқан кездесуден басталды. Олар күн тәртібін тілге тиек етіп, cоған сәйкес 11 кездесу, семинарлар, панельдік сессиялар және өзекті мәселелер бойынша талқылаулардың тақырыптарын белгіледі.
Стратегиялық сессия жұмысы Дін істері комитетінің төрағасы Ержан Нүкежановтың Қостанай облысы дін істері басқармасының, «Ақпараттық-талдау орталығы» КММ және «Шапағат» деструктивті діни ағымдардан зардап шеккендерге көмек көрсету орталығы» ҚҚ басшылығымен кезекті онлайн кездесумен жалғасты. Іс-шараға дін өкілдері, теологтар мен дінтанушылар қатысты.
Кездесу барысында оңалту жұмысының тетіктерін жетілдіру, діни қызмет саласындағы құқық қолдану практикасы, сондай-ақ осы саладағы түсіндіру-ағарту жұмыстары мәселелері талқыланды. Дін саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастырудың негізгі бағыттары белгіленді: халық арасында зайырлылық қағидаттарын нығайту, үйлесімді мемлекеттік-конфессиялық қатынастарды қамтамасыз ету және қоғамда радикалды діни идеологияның таралуына жол бермеу.
Сонымен қатар, оңалту жұмыстарына тартылған өңірлік теологтар, дінтанушылар мен психологтар үшін «Деструктивті діни ағымдарды ұстанушылар мен оңалту жұмысын ұйымдастырудың жекелеген аспектілері туралы» тақырыбында семинар өткізілді. Спикерлер ретінде оңалту жұмысын үйлестіру басқармасының басшысы Ерлан Есбергенов және «Ақниет «Ақпараттық-насихаттау және оңалту орталығы» ҚҚ өкілдері сөз сөйледі.
Қостанай облысындағы АҚДМ іс-шараларына 400-ге жуық адам қатысты, онда телерадио хабарларын тарату инфрақұрылымын пайдалану бөлігіндегі "Қазтелеадио" АҚ қызметі; дінтану сараптамасын жүргізу, мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс және гранттық қаржыландыру, этносаралық қатынастарды дамыту бойынша әдістемелік қамтамасыз ету, жергілікті мемлекеттік органдардың ақпаратына қол жеткізу, салалық журналистиканы дамыту және басқа да өзекті сұрақтар көтерілді.
АҚДМ күндерінің негізгі міндеті – өзекті мәселелер мен міндеттерді талқылау және түсіндіру, сондай-ақ мемлекеттік органдар мен өңірлік жұртшылық өкілдерінің сындарлы диалогын құру, Министрлік жетекшілік ететін бағыттар бойынша стратегиялық жұмыста жергілікті ерекшеліктерді ескеру.
Ведомство қызметкерлері Қостанай облысының жұртшылығын толғандыратын бірқатар өзекті сұрақтарға жауап берді.
Өткен іс-шаралар кезінде айтылған барлық ұсыныстар одан әрі жұмысты орталық, сондай-ақ өңірлік және жергілікті деңгейлерде жетілдіру кезінде ескерілетін болады.
Айта кетейік, ел өңірлеріндегі "Министрлік күндері" Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың "Халық үніне құлақ асатын мемлекет" тұжырымдамасын іске асырудың бір бөлігі.