«Кешкі караоке» көңілді
Арқалық қаласы әкімдігінің жастар бастамалар орталығы «Кешкі караоке» атты жаңа ойын – сауық бағдарламасын ұсынуда.

– Кештеріміз өте жақсы деңгейде өтіп, қала тұрғындарына көтеріңкі көңіл – күй сыйлауда. Мақсатымыз жастардың бос уақытын мағыналы ұйымдастырып, қоғамдық іс – шараларға тарту. Көпшіліктің қызығушылығын арттырған бұл жоба алдағы уақытта да өз жалғасын таба бермек, – дейді орталық жетекшісінің орынбасары Мөлдір Ермағамбетова.
«Махаббат саябағы» алаңында өтетін думанды бағдарламаның барлық қатысушыларына ынталандыру сыйлықтары табысталады.
Мұрат Жүнісұлы
Арқалық қаласы