Белгіленген меже – бес жыл
Қостанай қаласының елді мекендерін көгалдандыру және жасыл желекті аймақтарды құру арнайы жасалған өңірлік жоспар аясында жүзеге асады. Бұл жоспар 2021-2025 жылдар аралығын қамтиды. Осыған сәйкес, әр жыл сайын облыс орталығы аумағына жыл сайын 3200 түп көшет отырғызу көзделіп отыр. Ол үшін әр жылда жергілікті бюджеттен шамамен 3 млн теңге бөлінеді."Бір айта кетерлігі, көгалдандыру, ағаш отырғызу шаруасын арнайы төлқұжаттандыру науқанын жүргізіп жатқан жоқпыз, ол жасылдандыру мекемесінің балансына қою арқылы ғана жүзеге асады. Аталған жоспар бойынша көшет отырғызу биылдан басталады", – дейді қалалық ТҮКШ жетекшісінің орынбасары Василий Помаз.
Мұның сыртында, орман алқаптарына ағаш егу жұмыстары туралы да мәлімет сұрастырдық. Орман шаруашылығы басқармасы берген дерек бойынша, алдағы бес жылда , яғни 2021-2025 жылдар аралығында мемлекеттік орман қоры аумағына 160686,2 мың түп ағаш егіледі. Нақтылай айтқанда, орман түзуші тұқымдар саналатын қарағай мен қайыңдар отырғызылады. Ал осы жылы 3981,36 мың қарағай мен қайың көшетін отырғызу жоспарға алынған.