Қауіпке қарсы қамданыс

Көктемгі тасқын қаупіне қарсы жұмыстар дамылсыз жүргізіліп жатыр. Бұл туралы Қостанай облыстық ТЖД мамандары ақпарат берді.images
Тасқынға қарсы комиссия қатер алдындағы 99 елді мекендердің үстінен барлау жұмыстарын жүргізуді жоспарлап отыр.Оның ішінде, су мол келуі ықтимал Ресеймен шекаралас және Қарағанды облысының Ұлытау ауданындағы су қоймаларын барлау көзделуде. Мұнымен қоса, 15 наурыздан бастап, өңірде 56 мың текше метр мұз жарылады, бұл өткен жылғыдан екі есеге дейін көп.
Айтып келмес қауіппен күрес жүргізу үшін 50 мың ыдыс-қап, 13 мың тоннадай инерттік материал, 140 тонна жанар-жағар май даярланып қойылған. Тасқыннан жапа шеккен жағдайда тұрғындарды азық-түлікпен қамтамасыз ету шараларын жүргізу мақсатында ТЖД мен кәсіпорындар арасында 68 келісімшарт жасалған.  wPORp7klЕлді мекендерді қардан тазалау жұмыстары да жіті бақылауда. Мәселен, облыс орталығының өзінен 750 мың текше метрден астам қар тысқа шығарылған. Қар аршу жұмысын уақытылы жүргізбеген 228 адам әкімшілік жазаға тартылған. Жалпы, мамандардың айтуынша, биылғы қардың қалың түсуі 2017 жылғы жағдайға ұқсас. Ал тасқынның ықтималдығы ауа райына байланысты болып отыр. Келесі аптада күн жылынуы мүмкін… 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓