Бабалар ізімен келеді

Бүгін Қостанай облысына Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған «Ұлы Дала Елі» республикалық тарихи-мәдени экспедициясының қатысушылары келді. Экспедиция мүшелері ең алдымен алаштың ардақты азаматы Ахмет Байтұрсыновтың ескерткішіне гүл шоқтарын қойып, жергілікті БАҚ журналистерімен кездесті.IMG_4533Қазақстан халқы Ассамблеясының бастамасымен ұйымдастырылған экспедицияға қазақ географиялық қоғамы, білім және ғылым ұйымдары және республикамыздағы БАҚ қолдау білдірді. Осылайша6 11 қыркүйектен бастап Ақмола, Солтүстік Қазақстан облыстарынан жүріп өтіп, тың өлкесіне келіп жетті. Оның  құрамында бір жыл бойы велосипедпен әлемнің 22 елін шарлаған Мағжан Сағымбаев, Қазақ-Шалқар радиоларының редактор-жүргізушісі Рүстем Жүніс, халықаралық түрік академиясы әлеуметтік-экономикалық зерттеулер орталығының директоры Қайырбек Арыстанбеков және бір топ тарихшы, ғалым, этнограф бар

IMG_4588

-Экспедицияның Қазақ хандығының 550 жылдығына арналып отырғаны тегін емес. Біздің мақсатымыз – елдегі мәдени-тарихи ескерткіштерді танып білудің негізінде ұлттық бірлікті насихаттау.  Бізді біріктіретін күш – ұлттық тарих. Сондықтан қазақ мемлекеттілігінің негіздерін ескерткіштер, мәдени құндылықтар арқылы айқындап көрсетуге бел байладық.  Ішкі туризмнің дамуына да үлесімізді қоссақ деген ой бар,-деді ҚР Президенті жанындағы «Қоғамдық келісім» РММ ғылыми-сарапшылық сүйемелдеу және әдістемелік қамтамасыз ету қызметінің басшысы Нұрбек Шаяхметов. IMG_4555Экспедиция мүшелері бүгін Қостанай қаласындағы мәдени-тарихи орындарды аралап, ертең Аманкелді, Жанкелдин аудандары мен Арқалық қаласына жол тартпақ.  Яғни, 24 қыркүйекке дейін Тобыл-Торғай топырағындағы небір тың деректермен танысады.Тарих ғылымдарының докторы Еркін Әбіл өткенді зерттеп, зерделеуге төрт-бес күннің жетпейтінін айтты. Өйткені, Қостанай даласы тұнып тұрған тарих.IMG_4567-Өткен тарихымыздағы ең үлкен байлық Қостанай жерінде жатыр. Соның бірі – Едіге қала. Оны зерттегенде түйгенім, Едіге қала – дүниежүзіндегі ең алғашқы демалатын орын (санаторий). Екіншісі Теке діңі немесе Текенің үңгірі деген зәулім мұнара. Оған осы уақытқа дейін ешкім көңіл бөлген жоқ,-деді өлкетанушы Қуанышбай Орманов. 
«Ұлы Дала Елі» экспедициясының Қостанайдан кейінгі бағыты – Қарағанды облысы. Аталмыш топ республикамыздың әр аймағын аралап, 9 қазанда Тараз қаласында экспедицияның нәтижесін жариялайды. 
 
 
Қымбат ДОСЖАНОВА
Суреттерде: «Ұлы Дала Елі» экспедициясының қатысушылары;
Суреттерді түсірген Бағдат АХМЕТБЕКОВ.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓