Діни экстремизм мен лаңкестіктің алдын алу мәселелері талқыланды

Семинарды ашқан Қостанай облысы әкім-дігінің дін істері жөніндегі басқармасының басшысы Н.Нөгербеков облыстағы діни жағдай, оның даму үрдістері туралы баяндады. Үш күнге созыл-ған басқосуда діни экстремизм мен лаңкестіктің алдын алу мәселелері жан-жақты талқыланып, жастар арасында діни экстремизмнің алдын алу, діни ортада заңсыз қызметтің жолын кесу, діни ағымдардың сипаттамалары, конфессияаралық келісімді қамтамасыз ету саласындағы мемлекеттік саясат және облыстағы ақпараттық-насихаттық топтардың жұмысы туралы баяндамалар тыңдалды. Дәстүрлі діндер өкілдерімен кездесу ұйымдастырылып, семинарға қатысушылар қажетті діни анықтамалық, әдістемелік әдебиетпен қамтамасыз етілді. Басқосуға қатысушылар оқыту семинарының саяси-идеялық, ұйымдастырушылық жағынан алғанда жоғары деңгейде өткенін айтып, оның жұмысына жоғары баға берді.
Мнауара
ҚАБДРАХМЕТОВА