Табысты аудан – Қамысты

15 қазанда ауданда "Қостанай таңы" газетінің күндері басталады
Аудан әкімі Жаңабай Бейсембаев:
Ізденіс іздері
IMG_5163Қамысты ауданы 1956 жылы құрылған. Орталығы – Қамысты. Аумағы12,054, мың шаршы шақырым.
2014 жылдың 1 қаңтарындағы есеп бойынша халқы 14157 адам.
Аудан орталығында 5023 адам тұрады. Ұлттық құрамы:
– қазақтар 7238-51,3%
– орыстар  2878-20,3%
– украиндар 2550-18%
– немістер 225-1,5%
– басқалары 1266-8,9%
Ауданда 8 селолық округ, 7 ауыл бар.
– Құт қонған Қамысты ауданы – өңіріміздегі әлеуметтік-экономикалық жағдайы ілгері дамып жатқан аудандар қатарында. Сәтін салса, 15 қазан күні Қамыстыда қазақ баспасөзінің қарлығашы – "Қостанай таңы" газетінің күндері болмақ. Соған орай оқырмандарымызға ауданның тыныс-тіршілігін айта отырып, мемлекеттік бағдарламалар аясында қандай жұмыстар атқарылып жатқандығын әңгімелеп берсеңіз?
– Иә, "Қостанай таңы" газетінің күндері өңіріміздің әр аудан, қалаларында өтіп, оқырмандармен жүздесіп жатқандарыңызға жанымыз жылып қалды. Билік пен бұқара арасындағы көпір болатын сіздердің еңбектеріңізді біз әрқашанда жоғары бағалаймыз. Енді, міне, осы бастама алдағы күндері біздің ауданда атқарылмақ.
Алдымен Қамысты ауданында жүргізілген бірнеше қаржы жобаларына тоқталайын. Ағымдағы жылы Бестөбе ауылында "Азон" шаруа қожалығы құны 28 млн. теңгеге Қостанай жылқысы тұқымын баптайтын ат қорасын тұрғызды. Оның себебі, бұл ауылда ұлттық спорт түрлерінің бірі – ат бәйгесіне арналған сәйгүліктер жаратады. Олар еліміздің әр жерінде өткен бірнеше халықаралық, республикалық жарыстарға қатысып, өңіріміздің мәртебесін асқақтатып топтан озып келуде.
2014-2015 жылдары индустриалды карта бағдарламасымен 2 қаржы жобасы іске асқалы тұр. Мәселен, "Қайрат ПКФ" ЖШС 250 млн. теңгеге астық сақтайтын диір-мен кешенінің құрылысын салды. Барлық жобалық-сметалық құжаттары дап дайын. Әзірге дамудың бірінші баспалдағынан өтіп, 4 мың тоннаға жақын астықты сақтап, баптап отыр. Екінші баспалдағы 2015 жылдың 4 тоқсанында жүзеге асырылмақ.
Сол сияқты "Ренат" шаруа қожалығы ірі қара малын өсіру үшін 200 басқа арналған кешен тұрғызбақ. Мұның қаржы көлемі 50 млн. теңгеге жоспарланып қойылды. Бұйыртса, келер жылы қараша айында іске қосылмақ.
– Жаңабай Жолтайұлы, осы жерде "темірді қызуында соқ" дегендей жаңадан атқарылып жатқан "Сыбаға", "Алтын асық", "Құлан", "Ырыс" бағдарламалары жөнінде айтып берсеңіз?
OLYMPUS DIGITAL CAMERA

Жұмыспен қамту–2020 бағдарламасымен қызмет істеп отырған жастар: Ринат Сапарғалиев пен Мақпал Қожина

– Ол дұрыс. Бізде "Сыбаға" бағдарламасы бойынша 2014 жылы жалпы құны 133 млн. 140 мың теңгеге жуық қаржыға 654 бас аналық ірі қара малын, соның ішінде 22 асыл тұқымды бұқаны өсіру жоспарлы түрде енгізілді. Қазіргі кезде 84 бас ірі қара малы, соның ішінде 9 бұқа сатылып алынды. Бұған қызу атсалысқан "Бестөбе-2" ЖШС, "Ренат", "Жәнібек", "Тілеубаев" шаруа қожалықтары. Қазір "Қарабатыр" агро фирмасы" ЖШС, "Азон", "Деметра" шаруа қожалықтары құжат дайындау үстінде.
"Алтын асық" бойынша "Бестөбе-2" ЖШС, "Нұржанов" жеке кәсіпкерлігі қой өсіруге құлшыныс танытуда. Олардың да құжаттары әзірленіп қалды.
–  Түсінікті-ақ. Қамысты ауданы сондай-ақ, "Бизнестің жол картасы–2020" бағдарламасын да мықтап қолға алған тәрізді…
– Аталмыш бағдарлама аясында "Жаңа бизнес идеяларын қолдау" мақсатында ағымдағы жылы "Қарабатыр" АФ ЖШС лизингке "Технолизинг" АҚ-нан құны 84,4 млн. теңге тұратын жаңа техника алды. Мамыр айында "Әлібеков" жеке кәсіпкерлігі металл бұйымдарымен айланысуға 1,1 млн. теңгеге қаржылық грант ұтып алды. Мұндай жәйттер ауданымызда көп-ақ. Келер жылы да біз атқарар жұмыстар да жетіп артылады.
– Бүгін Қамысты халқының әл-ауқаты қалай? Жергілікті тұрғындармен жиі кездесулер өткізіп тұрасыз ба? Әсіресе, "Жұмыспен қамту–2020" бағдарламасы қаншалықты жүзеге асып жатыр?
– Әрине, әкімнің міндеті – елдің, халықтың тыныс-тіршілігінен хабардар болып, тұрмысын күйттеуге жағдай орнату ғой. Сол негіз-               де кесте бойынша халықпен жүздесіп, ауылдарға барып, жиналыстар өткізіп тұрамыз. Күні бүгін-ге дейін аудан орталығындағы жұмыспен қамту бөліміне 218-ге жуық адам тіркеліп, соның 197 арыз беріп қойды. Мәселен, бірінші бағыт "инфрақұрылымды дамыту және тұрғын үй коммуналдық шаруашылығына жұмысқа тарту" бойынша Адаев орта мектебіне күрделі жөндеу жүргізуге 60 адамның 31-і жұмысқа тартылды. Сол сияқты екінші бағыт "Жаңа жұмыс орнын, кәсіпкерлігін ашу" бойынша Клочков, Свердлов, Жайылма,Талдыкөл және басқа да ауылдарда мал шаруашылығына, маршрутты таксиге, тігін ательесіне бірнеше адамдар жұмысқа орналастырылды. Үшінші бағыт  бойынша кондитер, слесарь-электрик, токарь, автокөлік жүргізушісі, механизатор мамандығына орналасқан жандар жетерлік. "Дипломмен – ауылға" бағдарламасының да берері көп болды. Соның нәтижесінде әлеуметтік сала ілгері дамып келеді.  Тіркелген жұмыссыздықтың көрсеткіші 0,7%.
P1920378

Ауылға ауыз су келді. Ауыз су құбырларының тартылуы

– Бәрекелді-ақ… Биылғы егін орағын қамыстылықтар қалай аяқтауда?
– Орташа есеппен гектарына 8-10 центнерге жуық. Тамыз айының аяғында бастаған кейбір шаруа қожалықтары егін жинау нау-қанын аяқтап та қалды.
– Диқандарға сәттілік тілейміз. Әлгінде байқағанымызда Сіздерде қазір ауыз су мен газ құбырларын тарту жұмыстары қызу жүріп жатқан тәрізді.
– Ол рас. Қамысты ауданының орталығында жұмыс қарқынды жүруде. Бұрын халық зәру бол- ған газ бен су елге жетіп, құбырлар тартылып, мемлекеттік бағдарламалар іске асуда.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓