Жылдам үн қосу қажет

А.АХМЕТЖАНОВБүгінгі мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың халыққа арнаған Жолдауында еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуына оң серпін беретін мәселелер қамтылды деп ойлаймын. Әлемдегі болып жатқан «пандемия» салдары бізге жалпы мемлекеттік басқару құрылымын қайта реформалау қажеттігін көрсетті.
Маған Жолдауда ерекше ұнаған екі саланы айтқым келеді. Бірінші: ауыл шаруашылығын қайта реформалау. Бұл сала біздің басты табыс көзіміз болу керек. Біз әлемде жер көлемінде 9 орын аламыз, бірақ бұл сала бізде ішкі жалпы өнімнің 5% береді. Бұл өте төмен көрсеткіш. Екінші: мемлекеттік аппаратпен «квазисектордағы» қызметкерлер санын қысқарту. «Биыл 10%, келер жылы 15 % ға қысқарады»- деді Президент. Өзекті дұрыс шешім.Өйткені, бұл салада да шамадан тыс, яғни ел дамуына тың идеямен өзгеріс жасамайтын тұлғалардың саны көп. Оны мойындауымыз керек. Үнемделген ақшаға жақсы көрсеткіш көрсеткен мемлекеттік қызметкерді ынталандыруы – жақсы бастама.
 Жалпы, Жолдауда қамтылған бағыттардың барлығы еліміздің бүгіні мен болашағын одан әрі жақсартуды ойластырған ең өзекті мәселелер деп санаймын. Ендігі міндет – осы Жолдауды жүзеге асыруды жылдам, әрі сапалы жүзеге асыруға атсалысуымыз қажет.
 
Аманкелді Ахметжанов,  
Арқалық қалалық мәслихатының депутаты.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓