Жанашырлыққа жан риза

ҚР Ішкі істер министрлігінің Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясы түлектері 11 мұқтаж отбасыға азық-түлік, киім-кешек түрінде қайырымдылық жасады. Игі іс-шараға Қостанай қалалық «Жайлаубай ата» мешітінің ұжымы және жамағаты бір кісідей атсалысты. Бұл туралы ҚМДБ-ның Қостанай облысы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі хабарлайды._DSC6251[1]
_DSC6259[1]
IMG-20190610-WA0018
IMG-20190610-WA0016
IMG-20190610-WA0013
IMG-20190610-WA0012"Аталмыш іс-шараның мақсаты – көп балалы, көмекке мұқтаж, тұрмысы төмен, сонымен қатар мүгедек балаларды асырап отырған отбасыларға аз да болса материалдық демеу беріп, әр отбасын қуаныш пен шаттыққа бөлеу. Академия түлектерінің ұйымдасуымен, аталған шара аясында 10 отбасыға азық-түлік (картоп, орамжапырақ, пияз, жеміс-жидек, май, шай және т.б.), балаларына киім-кешек түрінде көмек көрсетілді", – делінеді хабарламада.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓