Жетістіктер сараланған күн

Жаңа тұрғын үй құрылысы, экология мәселесі, өндіріс пен ауыл шаруашылығы. Осы және өзге де салаларға қатысты өзекті мәселелер Лисаков қаласы әкімі Алмат Исмағұловтың есептік кездесуінде жан-жақты айтылды. Жеткен жетістіктер сараланып, алда атқарылатын жұмыстар жария етілді.
            -Айта кету керек, 2020 жыл, бүкіл еліміз үшін де қиын жыл болды, бұған COVID-19 таралуына байланысты жағымсыз тенденциялар ықпал етті. Елде карантиндік шараларды енгізу еңбек нарығына айтарлықтай әсер етті. Осыған байланысты ел үкіметі халықты жұмыспен қамту үшін бірқатар шаралар қабылдады. Біріншіден, жұмыссыз халықты тарту бойынша жұмыс жалғастырылды, кәсіптік оқытуға – 52 адам, әлеуметтік жұмыс орындарына – 30 адам, жастар практикасына – 20 адам, қоғамдық жұмыстарға – 192 адам жіберілді. Қала бойынша Жұмыспен қамтудың кешенді жоспары 104,5%-ға орындалды. Екіншіден, дағдарысқа қарсы шараларды іске асыру мақсатында Жұмыспен қамтудың жол картасы іске асырылды. Оның негізгі мақсаты жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету, жұмыссыздық деңгейінің өсуіне жол бермеу, қосымша жұмыс орындарын құру, сондай-ақ елді мекендердің инфрақұрылымын дамыту болып табылады. «Жұмыспен қамтудың Жол картасын» жүзеге асыру аясында 2,3 млрд теңге игерілді. 28 нысанның 17 жобасы іске асырылды, оның ішінде әлеуметтік салада – 4 жоба, ТКШ саласында – 15, инженерлік-көлік саласында – 9 жоба, -деді шаһар басшысы.
            Президент тапсырмасы бойынша әлеуметтік қолдаудың тағы бір түрі енгізілді – азаматтардың белгілі бір санаттарына (олардың ішінде: І, ІІ, ІІІ топтағы мүгедектер; мүгедектігі бар балаларды тәрбиелеп отырған отбасылар; ҰОС мүгедектері мен қатысушылары, сондай-ақ оларға теңестірілген адамдар; көп балалы отбасылар; мемлекеттік немесе қоғамдық міндеттерді, әскери қызметті орындау кезінде, адам өмірін құтқару кезінде, құқық қорғау тәртібін қорғау кезінде қаза тапқандардың отбасылары; ең төменгі және одан төмен; АӘК алушылар, оның ішінде жалғыз басты зейнеткерлер. Мұндай 1180 азаматқа, 35,4 млн теңгеге көмек көрсетілді.
            Бүгінгі таңда дәрігерлермен қамтамасыз ету – 85%, орта медициналық қызметкерлермен – 67% құрайды.
            Есепті жылы қалаға 14 дәрігер келді. Қалаға келген мамандарға әлеуметтік қолдау шаралары көрсетілді, олар тұрғын үймен және көтермеақымен қамтамасыз етілді. Бұдан басқа, Лисаков қалалық ауруханасының қаражаты есебінен 3 маман оқытудан өтуде.
            Covid-19 таралуының алдын алу және оған жол бермеу мақсатында қалада 60 орынға арналған инфекциялық стационар ашылды. Дәрі-дәрмектер мен жеке қорғаныс құралдарының 3 айлық қоры бар.
            Әкім есебінен кейін жергілікті тұрғындар сауалдарын жолдады. Жергілікті тұрғындарды түнде жұмыс істейтін дәріхананың жоқтағы алаңдатады. Қала әкімі кәсіптері тиімсіз болғандықтан, түнде жұмыс істегісі келмейді деп жауап берді. Сондай-ақ моноқалада компьютерлік томограф жетіспейді. Ал томография жуық арада орнатылады. Оған 500 миллион теңге бөлінген.
            Тұрғындар тарапынан қалалық аурухананың жұмысына қатысты шағымдарын жеткізді. Оның ішінде емхананың төсек-орынның әбден ескіргені де айтылды.
            -Облыстық денсаулық сақтау басқармасына ішкі талдау жүргізу қажеттілігі туралы хат жолдадым. Осыдан кейін біз кадрлық мәселелерді шешеміз. Бірақ тұрғындар телефон арқылы басшылыққа тікелей хабарласа алады. Call-орталығына қоңырау шалуға немесе DamuMed қосымшасын пайдалануға болады. Қазір ауруханада төсек-орындарды жаңалау жұмыстары жүріп жатыр,- деп жауап берді Алмат Ерікұлы.
            Пандемия кезінде шектеу шараларына байланысты адамдар тап болған қиындықтарға қатысты бірнеше сауалдарын жолдады. Моноқаланың тұрғындары мектепке дейінгі мекемелердің толық қуатында жұмыс істеуін асыға күтуде. Әкім мұндай жағдай шектеулер алынып тасталғаннан кейін ғана шешілетінін, бұл қала әкімшілігіне байланысты емес екенін атап өтті.

            Балабақшаларда тамақтану құнының өсуі де лисаковтықтарды алаңдатып отыр. Әкім оның құнын үш жылға кешіктіріліп барып қымбаттағанын жеткізді. Бағаны бұрынғы деңгейде ұстау мүмкін емес деді ол. Сонымен қатар, тұрғындар көп балалы отбасылардан шыққан балаларға тегін несие бермеу себептері туралы сұрады. А.Исмағұлов әкімдіктің республикалық деңгейде ұсыныс енгізгенін және жақын арада жағдай шешілуі мүмкін екенін айтты.

            Жыл сайынғы есеп беру кездесулеріндегі сияқты бұл жолы да  сұрақтардың көпшілігі қаланы абаттандыру және коммуналдық кәсіпорындардың жұмысына қатысты қойылды. Әкімдік бірден бірнеше тұрғынға тұрақ орындарын кеңейту мәселесін шешуге көмек көрсетті. Әкім ТҮКШ бөліміне тұрғындармен мәселесін пысықтауды тапсырды.
Айта кету керек, есептік кездесуге Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы Бауыржан Қасенов және Қостанай облысы әкімінің орынбасары Виктор Ионенко қатысты.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓