Жетпіс адам жұқтырды
16 ақпанда Қостанай облысында 70 адамнан коронавирус табылды.
Атап айтқанда: Қостанай қаласының 32 тұрғыны, 8 – Рудный қ., 7 – Ұзынкөл ауданы, 6 – Майлин ат. ауданының, 5 – Қостанай ауданының, Алтынсарин және Сарыкөл аудандарының тұрғындары арасында 4 жағдайдан, 3 – Әулиекөл ауданының, 1 – Арқалық қ.
51 адам ауруғанаға өздігінен жүгінген кезде, 16 адам коронавирус расталған адамдармен байланыста болған, 1 жағдай стационарға жатар алдында профилактикалық мақсатта, 2 адам алдын алу мақсатында, автоөтпе жолдар арқылы мемлекеттік шекараны кесіп өту кезінде тексерілді..
Індет жұқтырғандардың ішінде 52 адамда ауру белгілері болды, 18 адамға симптомсыз түрі тән.
Жалпы, Қостанай облысында 2020 жылғы 3 сәуір мен 2021 жылғы 16 ақпан аралығында COVID-19-ды 11576 адам жұқтырған. Емделіп шыққан адамдардың саны – 9989.