9 ауданда санаторлық топ ашылмаған

Облыстық тұтынушылардың құқығын қорғау департаментінде облыстық салауатты өмір салтын қалыптастыру проблемалары орталығы мен облыстық туберкулезге қарсы диспансерінің мамандары бас қосып, құрт ауруы бойынша өңірдегі эпидемиологиялық жағдайды талқылады.туби 1
Мамандардың сөзінше, соңғы он жыл ішінде еліміз бойынша ауру көрсеткіші біраз төмендеген. Қостанай облысында да эпидемиологиялық жағдай тұрақты. Дәрігерлер құрт ауруымен сырқаттанушылық әрі өлім-жітім көрсеткішінің төмендеуіне алдын алу шаралары мен скринингтік тексерулердің көп көмегі тиіп жатқандығын алға тартады. Мәселен, өткен жылы алдын алу шаралары аясында облыста 430 мыңнан астам адам флюорографиялық тексерістен өткен. Сондай-ақ, туберкулинодиагностика әдісі арқылы 91 729 бала қамтылған. Фтизиатрлар балалар арасындағы туберкулездің алдын алуда БЦЖ вакцинасының көмегі зор екендігін айтады. Дегенмен, облыс бойынша 18 220 баланың ата-анасы аталмыш вакцинаны қабылдаудан бас тартқан.
Басқосуға жиналған мамандар өңірде ауру көрсеткіші азайғанмен, кейбір шешілмей отырған проблемаларды да алға тартты. Соның ішінде, ата-аналары туберкулезге шалдыққан балаларды оқшаулау мақсатында санаторлық топтар ашу мәселесі Алтынсарин, Қамысты, Науырзым, Жанкелдин, Аманкелді, Ұзынкөл, Қарабалық, Жітіқара, Таран өңірлерінде әлікүнге шешімін таппай отырған көрінеді.
Жалпы, үстіміздегі жылдың екі айы ішінде облыс бойынша 62 285 адам арнайы флюорографиялық тексерістен өтіп, 2212 бала вакцина қабылдаған. Сонымен қатар, мал шаруашлығы саласында да эпизоотикалық жағдай тұрақтанған көрінеді.
 
Қарлығаш ОСПАНОВА

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓