Көп күттірген куәлік
Федоров ауданының Полиция бөлімінің көші-қон қызметі мамандары ауданның бірнеше тұрғынына жеке куәлік алуға көмектесті.Новошумный ауылында тұратын 41 жастағы Анна Кирнос туу туралы куәліктің жоғалуына байланысты ҚР азаматының жеке куәлігін уақтылы ала алмаған. Ол Солтүстік Қазақстан облысының тумасы. Құжатты алуға көші-қон қызметінің инспекторы полиция майоры Индира Исина көмектесті.
Полиция қызметкерлерінің жұмысының арқасында Анна Кирнос 2020 жылы туу туралы куәлігін қалпына келтірді. Осы жылдың қаңтар айында ол жеке куәлігін алып, Қазақстан Республикасының азаматы атанды.
Федоров ауданының тағы бір тұрғыны 7 жыл бойы тиісті құжаттарын ала алмай келген. 23 жастағы Валентина Ерюкова полиция майоры Индира Исина Қазақстан Республикасының азаматтығын және куәлік алуына жәрдемдесті.Осы уақытқа дейін жеке куәліксіз жүрген Федоров ауданы Жаркөл ауылының 27 жастағы тұрғыны Николай Новокшеновтың да жағдайы осыған ұқсас. Бұл мәселені шешуге Көші-қон қызметінің қызметкері, полиция капитаны Елена Ковалева көмектескен.Көптен күткен жеке құжаттарын алған аудан тұрғындары полиция қызметкерлеріне сапалы және адал жұмысы үшін үлкен алғыс білдіреді.