Қанша тұрғын үй салынады?
Биыл Қостанай қаласында бюджет қаржысы есебінен көп қабатты 28 тұрғын үй салынады. Баспана және инженерлік коммуникациялар құрылысына қазынадан 10,8 млрд теңге қарастырылып отыр.
Былтыр бұл мақсатқа 14,3 млрд теңге шығындалған еді. Атап айтқанда, 7,6 млрд теңгесі тұрғын үй құрылысына жұмсалса, инженерлік инфрақұрылым объектілеріне 6,7 млрд теңге бағытталады. Нәтижесінде, жалпы саны 3 313 пәтерге жететін кө қабатты 32 тұрғын үй пайдалануға берілді.
Ал биыл жалпы көлемі 280,4 мың шаршы метр учаскеге құрылыс жұмыстарын жүргізу көзделіп отыр. Оның ішінде 132,9 мың шаршы метр аумаққа бюджет қаржысы есебінен 28 кө қабатты үй салынады. Оның ішінде, 5 баспана жалдамалы болса, қалған 25-і – кредитке берілетін үйлер.